Атамбаевты тұтқындауға көндірген полицей "сатқын" болып шықты

14 тамыз, 10:56

Қырғызстан ІІМ басшысының орынбасары, экс-президент Алмазбек Атамбаевты берілуге жеке көндірген Құрсан Асанов «сатқындық» жасағаны үшін жұмыстан босатылды, деп жазады 24.kg басылымы.

Қырғызстан ІМ басшысы орынбасарының үстінен полиция қызметтік тексеріс жүргізді.

Тергеу нәтижесінде Асанов қызметінен босатылған.

Ішкі істер министрлігі мұны қырғыз милициясының мүдделеріне қарсы келгені және сенімнен шыққаны үшін деп түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, Құрсан Асанов Атамбаевты қақтығыс ушығып кетпес үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз еркімен берілуге көндірген болатын.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже