Британияда алғаш рет анасыз сәби дүниеге келді

13 тамыз, 13:00

Бұл туралы Daily Mail таблоиді хабарлады.

Трансгендер Фредди МакКоннелл өзін баласының әкесі ретінде тану үшін сотқа жүгінді. Бұл Британиядағы алғашқы оқиға.

МакКоннелл қыз болып дүниеге келді, бірақ 25 жастан кейін қызда шын мәнінде ер адам болуым керек еді деген сенім пайда болды. Ол гормондық терапияны бастап, сақал өсірді және пластикалық оталар жасады, бірақ өзін бала туу мүмкіндігінен айырмады.

Көп ұзамай оны заң бойынша ер адам деп танығаннан кейін, трансгендер сперма банкінің қызметін пайдаланып жүкті болды. Бала көтеріп, ана атанғаннан кейін оны баланың анасы ретінде тіркемеу үшін әрекет жасай бастады. Егер Жоғарғы сот оның пайдасына шешім қабылдаса, оның ұлы ресми түрде анасы жоқ Ұлыбританияның алғашқы азаматы болады.

Фреддидің бүкіл жүктілік және босану процесі және жалпы өмірі туралы "Теңіз аты" атты деректі фильм түсірілді.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже