Брюс Лидің қызы Қазақстанға сәлем жолдады (видео)

23 мамыр, 10:20

​Әлемге танымал киноактер, режиссер, жауынгерлік өнер шебері Брюс Лидің қызы отандық каскадерлермен кездесіп, Қазақстан жұртшылығына сәлем жолдады, деп хабарлайды Elitar.kz.


Шеннон Эмери Ли американдық Warrior сериалының ("жауынгер") екінші маусымының түсірілімі өтіп жатқан Кейптаун қаласына (ОАР) барды. Бұл видеоны INSTAGRAM-да nomadstunts паблигі жария етіп, автор түсірілім кезінде Шеннон Эмери Ли қазақстандық каскадерлермен кездескенін атап өтті. Айта кетейік, экшн-туындының түсіріліміне nomadstunts тобының каскадерлері де қатысады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже