"Холдоми" балалар лагерінде өрт салдарынан төрт бала қаза тапты

23 шілде, 17:04

​Хабаровск өлкесіндегі балалар шатырлы лагеріндегі өрт құрбандарының саны төрт адамға жетті.

"Төртіншісі, бала қайтыс болды", — деп нақтылады губернатор және аймақ Үкіметінің баспасөз қызметі.

Он жасар Арсений өрт кезінде балаларды құтқаруға көмектесті. Нәтижесінде ол күйік алып, комаға түскен.

Бұрын хабарланғандай, күйік шалып жан сақтау бөліміне жатқызылған екі қыз қайтыс болған. Бұған дейін қаза болған 10 жасар қыз туралы хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Хабаровск өлкесіндегі "Холдоми" тау шаңғысы кешені аумағындағы шатырлы лагерьдегі өрт 22 шілдеде түнде болған. Онда 189 адам болған. Өрт сөндірушілер келген кезде 26 шатырдың 20-сы жанып кетті.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже