Джон Бон Джови адамдар тегін тамақтана алатын екі мейрамхана ашты

29 тамыз, 12:30

Белгілі музыкант Джон Бон Джови көп жылдан бері қайырымдылықпен айналысып келеді және ол "Soul Kitchen" атты әлеуметтік жобаның авторы болып табылады.

Soul Kitchen - бұл келушілерге тағамды арнайы белгіленген бағасыз ұсынатын мейрамхана.

Ақшасы бар адамдар тағам үшін 20 доллар төлесе, ал қаржылық қиындыққа тап болған адамдар тегін тамақтанады.
Рас, олар тағам үшін ақыны басқа жолмен төлей алады. Мәселен ас үйде, мейрамханаға арналған кейбір көкөністер мен жемістер өсірілетін бақшаларда жұмыс істеп, қолқабыс жасайды.
Soul Kitchen қаржыландыру тұрғысынан қайырымдылық қорына арқа сүйейді, қалған бөлігі волонтерлік қызмет.
Қазір музыканттың туған қаласы Нью-Джерсиде осындай екі мейрамхана жұмыс істейді — біреуі Қызыл өзен маңында, ал екіншісі Томс өзенінің жанында.

Бұл мекемелерде тағамдар тек органикалық өнімдерді пайдалана отырып дайындалады. Мейрамханада вегетариандықтар үшін арнайы мәзір бар.

Джон Бон Джови мейрамханаларында келушілерге жыл сайын 105 мыңнан астам тағам тартылады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже