Забайкальеде өрт салдарынан ТЖ режимі енгізілді

22 сәуір, 12:27

Забайкальск өлкесінде табиғи өрт кезінде 4 мыңнан астам мал, оның ішінде үй жануарлары өлді. 17 елдімекен қатты зардап шекті: өрт 99 тұрғын үйді, 35 аула құрылыстарын және 12 мал шаруашылығын жайпады. Зардап шеккен тұрғындар саны 400 адамнан асты. 29 адам жарақат алды, қазір төртеуі ауыр халде.

Бүгінгі күні Забайкал өлкесінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Зардап шеккендерге көмек көрсететін, әлеуметтік-гуманитарлық жүктерді қабылдайтын пункт іске қосылды. 30 - ға жуық адам жарақат алып, күйікке шалынды, олардың көбі ауруханаға жатқызылды. Жараланған екі адамның халі ауыр. Тілсіз жау шөптің өртеу салдарынан пайда болған.
Билік жақын арада өрттен зардап шеккендерге бір жолғы төлем бөлінетінін айтып уәде етеді.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже