Хиросима қасіретіне - 74 жыл

06 тамыз, 17:00

Жапония халқы Хиросимадағы атом бомбалауының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Осыдан 74 жыл бұрын америкалықтар Хиросимаға қуаты 18 килотоннға тең атом бомбасын тастады. Алғашқы ядролық мақсаттағы соққы ретінде бұл қала кездейсоқ таңдалмаған. Ол құрбандардың ең көп санына қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық критерийлерге сәйкес келді; жазықтықта орналасуы, төмен құрылыс нысандары және ағаш ғимараттар.

Қала толығымен жойылды. Оның тұрғындарының жартысы, 140 мыңнан астам адам қаза болды. Бүгін, қалыптасқан дәстүр бойынша, таңғы сағат 08:15-те, яғни, осыдан 47 жыл бұрын бомба түскен уақытта бүкіл ел бір минут үнсіз қалды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже