Diamond Princess лайнері: бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырғандар саны үш есеге өсті

07 ақпан, 14:05

Diamond Princess круизінде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 60 адамнан асты, деп хабарлайды ТАСС жапондық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.​

Бұған дейін вирусты 20 адамның жұқтырғаны туралы белгілі болған. Алайда өткен тәулікте дертке шалдыққандар саны үш есеге өсті.
Бейсенбі күні кешке жапон билігі 7 ақпан күні шетелдік круиздік лайнерлердің кіруіне тыйым салып, жапон төлқұжаттары жоқ жолаушылар үшін өз порттарын жабатынын мәлімдеді. Бұл індеттің одан әрі таралуына кедергі жасау үшін жасалып отыр, деп хабарлады ҚР Министрлер кабинетінің басшысы.
Айта кетейік, коронавирус індеті ҚХР-дан басқа, жиырман астам елде анықталған. Олардың қатарында Ресей де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің белең алуына байланысты жаһандық төтенше жағдай режимін енгізді. Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 31 мың адамнан асты. 630-ден астам адам көз жұмды.
Дерек көзі: https://ru.euronews.com/2020/02/07/virus-wrap-night

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже