Миллионердің қызы тұрмысқа шығып, жасауына кедейлер үшін 90 пәтер сұрады

29 тамыз, 11:37

Миллиардер-магнат Аджай Муноттың қызы Шейра Мунот қалыңдық жасауына берілетін қомақты қаражатты 90 отбасы үшін баспана тұрғызуға жұмсады, деп жазады APost.

Аджай Мунот Үндістандағы ең бай адамдардың бірі болып табылады, және бидай мен мата сатумен айналысады. Ол сондай-ақ белгілі қаржы сарапшысы.

Қызы әкесінің қыз жасауы үшін 122 мың доллар бөлгенін білгенде, таң қалды. Оның жоспарына осындай тым ауқымды салтанатты рәсім енген жоқ. Мұны естіген әкесі қызының қалауымен ақшаны ерекше іске салатынын айтты. Мунот Үндістандағы өзі тұратын аймаққа жергілікті баспанасыздар үшін ұзақ мерзімді үйлер салу туралы шешім қабылдады.


Тұрғындар ақшаны желге шашпай, халық игілігі үшін жұмсайтынын естігенде разылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Оның қызы мен күйеубаласы да әкесінің іс-әрекетін мақтан тұтып, жаңа тұрғын үй құрылысын ресми түрде ашуға қатысты. Шейра әкесінің бұл шешімін ең керемет той сыйлығы деп санайтынын айтты.


Шағын үйлердің кілттерін осы ауданның баспанасыз тұрғындары алды. Олар электр және су құбыры сияқты негізгі коммуналдық қызметтерге қол жеткізе алады. Міне, осылайша бір отбасының үйлену тойы 90 отбасына қуаныш сыйлады.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже