Оңтүстік Кореядағы зауытта жарылыс болды: 31 адам зардап шекті

04 наурыз, 09:48

​Оңтүстік Кореяның Сосан қаласындағы (Чхунчхон-Намдо провинциясы) Lotte Chemical компаниясына тиесілі химиялық зауытта орын алған өрт пен жарылыс салдарынан 31 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС.​

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.
Агенттіктің мәліметтері бойынша, өрт мұнай айдау жүргізілген учаскеде жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00 басталды. Өрт екі сағаттан кейін 38 өрт сөндіру бөлімінің күшімен жойылды, қауіпті химикаттардың шығу қаупі жоқ. Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде.
Қазіргі уақытта зауыттың көп бөлігі жабық, оқиға орнында тергеушілер мен компания басшылығының өкілдері жұмыс істеуде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже