Кәсіпкер аудандық білім бөлімінде өз-өзін өртеп жіберді

28 мамыр, 16:00

Қайғылы оқиға 24 мамыр күні сағат 13:30-да Каршинск аудандық халыққа білім беру бөлімінің дәретханасында орын алды, деп хабарлайды Daryo.

24 мамыр күні сағат 13:45-те Каршинск ауданының ІІД-не Ковчин ауылында тұратын 53 жасар кәсіпкер ер адам халыққа білім беру бөлімінің дәретханасына кіріп, өзін өртеп жібергені туралы хабарлама келіп түсті.

Алған жарақаттарының салдарынан ер адам бірнеше сағаттан кейін аудандық медициналық бірлестіктің ауруханасында көз жұмды.

Сот-медициналық сараптаманың мәліметтері бойынша, ер адам 1-2 дәрежелі термиялық күйіктен қайтыс болған. Ер адамның жалпы денесінің 99.1% - ы жанып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Термез ауданында хокимият ғимаратының жанында ер адам өзін өртеп жіберген, деп хабарлаған болатын repost.uz. Ол кезде ер адам аман қалды.

18 мамыр күні Самарқандта 33 жасар ер адам өз-өзін өртеп жіберді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже