Әлемдегі ең қымбат шырша Испанияда орнатылды

06 желтоқсан, 13:37

Жаңа жылдың бас символы болып табылатын шыршаның құны 14,1 млн еуроны құрайды, деп хабарлайды ca-news.

Марбелья курортты қаласындағы Kempinski Hotel Bahia қонақ үйінде орнатылған шырша тәулік бойы күзетіледі. Биіктігі 5,7 метр болатын шыршаны безендірумен атақты британдық дизайнер, суретші Дебби Уингэм маманы айналысты.

Жұмыртқа тәріздес шарлар мен былғары, күзен терісінен, сондай-ақ атақты Cartier, Chanel және Louis Vuitton зергерлік үйлерінен алынған қымбат әшекейлер түріндегі сәнді ойыншықтарды жасауға бір ай уақыт жұмсалған.

96e6aff82672276297ddd75f442cba5a

Жақындап келе жатқан мерекелердің басты символының бұтақтарын безендіретін асыл тастар арасында құны 2,3 миллион доллар тұратын қызғылт және құны 4,9 миллион долларды құрайтын қызыл түсті сопақ пішінді гауһар тастар бар.

aac361d9c7ddd87fc514493863d566c8

Шыршада жеуге жарамды заттар да бар. Дизайнер шырша бұталарына 3D әдісі арқылы шоколад павлиндерін орналастырған. Бұдан басқа, сапфир мен алмаздан жасалынған әлемдегі ең қымбат ойыншықтар шыршаның ажарын ашады. Оның құны 120 000 еуроға жетеді.

c563d3e4201e3676a57113b556f7500b

Шырша қонақ үйде желтоқсан айының соңына дейін орнатылып тұрады. Бұдан өзге айдың соңында салтанатты қабылдау жоспарланып отыр, ол үшін дизайнер алмаз әшекейлері бар арнайы торт жасайды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже