​Күшті жер сілкісіні Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындарын қорқытты

14 наурыз, 09:53

Бүгін түнде Ташкентте күшті жер сілкісіні сезілді.

Сағат 02:33 шамасында адамдар күшті дүмпулерден оянып кетті. Еmsc.eu порталының мәліметтері бойынша, дүмпудің ошағы Ташкенттен 28 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған. Дүмпу ошағында сілкісінің күші 4,7 балды құрады.

Қазақстандық ұлттық мәліметтер орталығы сайтының ақпаратына сәйкес, 14 наурыз күні Астана уақыты бойынша 03:31-де (Гринвич бойынша 13 наурыз күні 21:31-де) Оңтүстік Қазақстан облысында (Түркістан облысы) Өзбекстан шекарасында жақын жерде жер сілкінісі тіркелді.
Дүмпу ошағының координаты: солтүстік ендікте 41.29 градус, шығыс ұзындықта 68.70 градус.
Магнитуда mb=5.0. Энергетикалық класс - К=11.2.
Ташкентте жер сілкінісінің күші 4 балды құрады. Тереңдігі 10 шақырымда тіркелген. Жер асты дүмпулері Джизақта (170 шақырым, 2 балл) және Гулистанда (102 шақырым, 2 балл) да сезілді.
emsc-csem.org сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісі Ташкенттен 28 шақырым және Сарыағаштан (Қазақстан) 17 шақырым жерде болған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже