АҚШ-та әкімшілік қызметкері өз әріптестеріне оқ жаудырды

01 маусым, 11:57

​Ер адам АҚШ-та Вирджиния-Бич қаласы әкімшілігінің ғимаратына басып кіріп, 12 адамды атып тастады. Тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды LIFE SHOT арнасы.

Диуэн Крэддок ТКШ департаментінде қатардағы шенеунік болып жұмыс істеді. Бүгін де ол әдеттегідей кеңсеге келді. Содан кейін винтовка, тапанша алып, адамдарға оқ жаудыра бастады.

Оқиға орнына полиция келді, Диуэн оларға да оқ ата бастады. Атыс кезінде ер адам қаза тапты. Ол адамның неге өз әріптестерін жаппай өлтірмек болғаны әзірге белгісіз.

ФОТО: LIFE SHOT бейне кадрларынан алынды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже