Таиланд королі өз күзетінің басшысына үйленді

02 мамыр, 08:44

Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн (Рама Х) өзінің сүйікті генералы Сутхида Вачиралонгкорнға үйленгенін жариялады, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

40 жасар Сутхида тай королінің жеке күзет басшысы болып табылады. Бұрын ол Thai Airways авиакомпаниясының стюардессасы болып жұмыс істеді, ал кейін мұрагерлік ханзада Вачиралонгкорнның отбасын қорғау командирінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

66 жастағы Тай патшасы үйлену туралы мәлімдемені тәж киюге бірнеше күн қалғанда жасады. Рама Х-ның таққа отыру салтанатты іс-шаралары 4-6 мамырда өтеді. Рама Х сүйіктісіне Тануинг (ханым) атағын берді.

Маха Вачиралонгкорн 2016 жылдың 1 желтоқсанында Таиландтың жаңа королі Рама Х болып жарияланды. Оның әкесі Пхумипон Адульядетті (Рама IX) 70 жыл ел басқарған. Оның ресми аты мен атағы — Ұлы Мәртебелі король Маха Вачиралонгкорн Бодиндрадебайаварангкун.

Бұған дейін патшалық болашақ король мен генералдың арасындағы қарым-қатынасты жоққа шығарған болатын. Патша үш рет үйленген, оның жеті баласы бар.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже