Красноярск өлкесінде шатырдың ішінен 4 адамның денесі табылды

12 тамыз, 15:45

Төрт адамның өлімінің мән-жайын Красноярск өлкесінің тергеушілері анықтауда.

"2019 жылдың он екінші тамызында таңғы уақытта тергеу органдарына Ангараның сол жақ жағалауында Новоангарск кенті маңында туристік палаткада газбен улану белгілері бар төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті", — делінген хабарламада.

Осы факті бойынша өңірлік ҚК тергеу органдары тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.