Ыстамбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

06 ақпан, 09:22

Ұшақта 177 ересек адам және 2 бала болған.

Анадолы ақпараттық агентігінің мәліметінше, апат салдарынан 3 адам қайтыс болды.

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Измир-Ыстамбұл бағытында ұшқан. Қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, үшке бөлінген. Салдарынан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дереу сөндіріп үлгерді. Жолаушылар эвакуацияланды.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, зардап шеккен жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді, оқиға кезінде үш адам қайтыс болды.

Апаттың орын алуына байланысты іс қозғалып, тергеу басталды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже