Иранда коронавирустан екі адам көз жұмды

20 ақпан, 09:39

Екі азаматтың өлімі туралы ақпаратты Иран үкіметінің өкілі Али Рабии растады. "Бірнеше минут бұрын Денсаулық сақтау министрі ведомство мамандарының баяндамасына сілтеме жасай отырып, коронавирус диагнозыныуң екі жағдайы туралы хабарлады", - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.​

Қайтыс болған ирандықтар қыталықтармен қарым-қатынаста болмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар ұлттық комитетінің мүшесі Масуд Мардани мәлім етті.

"Денсаулық сақтау министрлігінде инфекциялық ауруларды тексеру жөніндегі комитет қазір жұқтырғандарға коронавирусты беру тәсілін анықтауда, ауру көрші мемлекеттерден келген саяхатшылардың бірі арқылы жұғуы мүмкін, бірақ біз вирустың берілу орнын растай алмаймыз", - деп толықтырды шенеунік.
Бұл Ирандағы коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы. Вирустан көз жұмғандар тұрған Кум қаласындағы барлық мектепте бейсенбі күні сабақ тоқтатылды.
ФОТО: РИА Новости

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже