Владимир Зеленский ресми түрде жеңімпаз деп танылды

30 сәуір, 17:00

Актер, юморист және шоумен Владимир Зеленский ресми түрде Украинадағы сайлаудың жеңімпазы болып жарияланды.

Нәтижелерді ресми жариялағаннан кейін Жоғарғы Рада Владимир Зеленскийдің Президент қызметіне кірісу күнін тағайындайды.

21 сәуірде Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті. Хаттамаларды өңдеу мәліметтеріне сәйкес, "95 Кварталдың" негізін салушы Владимир Зеленскийге сайлаушылардың 82% - дан астамы дауыс берген. Осылайша Зеленский Порошенкодан 9 миллионға артық дауыс жинады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже