Францияда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

17 ақпан, 16:20

​Францияда коронавирус тудырған аурудан адам өлімінің алғашқы оқиғасы орын алды. 80 жастағы Қытай туристі Парижде 2019-NCoV вирусын жұқтыру белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды euronews.​

Дәрігерлер пациенттің өлімін оның егде жастығымен түсіндірді. Covid-2019 атауын алған аурудан орташа өлім-жітім 2%-дан аспайды.
"Оның жағдайы тез нашарлады. Бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатты. Оның қызы да Cavid-2019 ауруымен Биша клиникасына жатқызылды. Оның жағдайы қауіп төндірмейді. Ол алдағы күндері шығарылады", - деп хабарлады Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузин.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан Мюнхендегі халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінде COVID-19 емдеу мен алдын алудың тиімді әдістерін табу талпыныстары жақын арада жемісті болуы тиіс деп сендірді:
"Қазіргі уақытта Қытайда дәстүрлі медицинадан АИТВ-ға қарсы препараттарға дейін емдеудің 82 түрлі әдістері сынақтан өтуде. Бұл шетелдік мамандармен бірге жасалады. Бұл бізге таяудағы 2-3 аптада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге және емдеуде ілгерілеуге мүмкіндік береді".
Жаңа ЖРВЖ жұқтыру мен өлім жағдайларының басым көпшілігі Қытайға тиесілі. Одан өзге елдерде: Франциядан басқа, өлімнің тағы үш оқиғасы Гонконгта, Жапонияда және Филиппинде тіркелді. Қытайда қазіргі уақытта 66 мыңнан астам адам вирусты жұқтырған, 1500-ден астам адам қайтыс болды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже