Қытай СІМ аз ұлттарды қудалауға қатысты айыптаулармен келіспейді

10 маусым, 18:00

Қытай идеологиялық «өңдеу» үшін саяси лагерьлерде 1 млн ұйғыр мен басқа да аз ұлттарды ұстап отыр деген айыптауды жоққа шығарды. Қытай СІМ басшысының орынбасары Чжан Ханьхуэй мұндай мәлімдемелерді жалған деп атады, деп хабарлайды Известияға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Оның айтуынша, мүдделері айқын емес белгілі бір адамдар ҚХР және оның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (СУАР) саясатына қарсы бағытталған науқанды бастады.

"Олар білім беру және кәсіби дайындық орталықтарын ұйғырларға арналған шоғырландыру лагері ретінде сипаттайды", - деп атап өтті министрдің орынбасары.

«Ханьхуэй тиісті орталықтарда 1 млн адам бар деген ақпаратты жалған деп айтты», деп хабарлады ТАСС дүйсенбі, 10 маусым күні.

"Бұл толық нонсенс", — деп атап өткен шенеунік,"халықаралық қоғамдастықтағы белгілі күштер" Қытайдың дамуын қабылдай алмайды және суық соғыс кезіндегі логиканы ұстанады деген пікір білдірді.

Өткен жылы Қытайда этникалық ұйғырларды қудалау туралы БҰҰ Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитеті мәлімдеген болатын.

Ұйым сарапшыларының мәліметінше ҚХР билігі ислам дінін ұстанатын ұйғырларға арнап қайта тәрбиелеу лагерлерін ұйымдастырған.

БҰҰ статистикасына сәйкес, 2018 жылы мұндай лагерьлерде 800 мыңнан 2 млн адамға дейін болған.

Ұйғырлар - Солтүстік-Батыс Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын түркі тілдес халық. Бейжің бұл халықтың сепаратистік қозғалыстары мен діни экстремизмі күшті деп мәлімдейді.

Осы жылдың ақпан айында интернетте Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының 2,6 млн тұрғыны туралы мәліметтер сақталған деректер базасы табылған. Нақты уақыт режимінде ол фотосуреттермен, аттары, сәйкестендіру нөмірлері, үй мекен-жайлары, жұмыс берушілер және өңір тұрғындарының нақты орналасқан жері туралы ақпаратпен толтырылып отырған. Деректерді жинау үшін адамдарды тану жүйесі бар бақылау камералары қолданылған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже