Адам шығыны бар: Жапонияда су тасқыны орын алды

28 тамыз, 14:00

Жапонияда су тасқыны салдарынан үш адам қаза тапты, 850 мың адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында толассыз жауған жауыннан лай көшкіні жүруі мүмкін. Билік өкілдері Жапонияның батысындағы үш префектурада (Сага, Фукуока және Нагасаки) 850 мыңға жуық адамды эвакуациялады.

Елдің 14 қаласында 335 мыңға жуық ғимарат бұзылғалы тұр.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, көлікте отырған бір адам қайтыс болған. Сага префектурасында оның көлігін су шайып кеткен. Осы өңірде тағы бір әйел өлі табылған. Сондай-ақ, Фукуока префектурасында үшінші адамның қайтыс болғаны айтылады.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже