2019 жылы ЖОО-ға түсуге қанша грант бөлінеді

21 маусым, 10:30

Қазақстанда жоғары білім алу үшін мамандықтардың қайсысы басымдыққа ие екені туралы Білім және ғылым министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz

2019-2020 оқу жылында жоғары білім алу бойынша мемлекеттік білім беру гранттар саны бекітілді.

"Биылғы жылы 53 785 мың грант бөлінеді. Бұл бакалавриат. Өткен жылы магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді, биыл бұл көлем сақталуда. 2 312 грант докторантураға бөлінеді", - деді министр.

Негізінен гранттар техникалық және педагогикалық салаларға бөлінді.

Мамандықтарға бөлінген гранттар саны:

  1. Педагогикалық мамандықтар – 8276;
  2. Өнер – 1615;
  3. Әлеуметтік мамандықтар (журналистика, ақпарат) – 960;
  4. Бизнес – 1223;
  5. Жаратылыстану мамандықтары- 4088;
  6. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 5977;
  7. Инженерлік мамандықтар – 15011;
  8. Ауыл шаруашылығы мамандықтары – 1600;
  9. Ветеринарлық медицина – 835;
  10. Қызмет көрсету саласы – 2200;
  11. Дайындық (ҚР азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғаларға) – 2450;
  12. «Серпін» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес – 5109;
  13. Басқалар – 1641.

Гранттар еліміздің білім беру мекемелері арасында таратылатын болады.

2018-2019 оқу жылында Білім және ғылым министрлігі 53 594 грант бөлген.

Медициналық мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру грантын Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттар саны кейінірек белгілі болады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже