Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың қатарын көбейту туралы шешім қабылдады.
Компания өкілдерінің мәліметі бойынша, мектеп оқушылары картаны міндетті түрде валидаторға тіркеу қажет. Айта кету керек, ол кезде картадан ақша шешілмейді.
Бұдан бөлек, Ашық НҚА порталында Шымкент тұрғындарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікпен тегін не жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін қала әкімінің қаулысы мен қала мәслихатының шешімі жарияланған.
-ҰОС ардагерлері;
– басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
– ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар;
– “Қазақстанның Еңбек Ері” атағына ие болғандар;
– ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
– 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
– ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
– І топтағы мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдар;
– көру қабілеттігі бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
– көру қабілеттігі бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеушілер;
– 70 жастан асқан зейнеткерлер;
– жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
– “Шымкент қаласының құрметті азаматы” атағы бар адамдар.