2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар жазаны айыппұлмен ғана емес, қоғамдық жұмыстар арқылы да өтеуге міндеттеледі. Жаңа ереже қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Құжатқа сәйкес:
Отбасы мүшелерінің мазасын алып, зайыбының ар-намысына тию – кемінде 20 сағат көлемінде көше тазалау сияқты қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеледі;
Көпшілік жиналатын орындарда былапыт сөз айту, айналасындағыларға тиісу және балағаттау – 20-60 сағат аралығында қоғамдық жұмысқа жегуді қарастырады. Қайталанған жағдайда бұл мерзім 100 сағатқа дейін ұлғаюы мүмкін;
Қоғамдық орында қоқыс тастау, бұзушыны 40-80 сағаттық жұмысқа міндеттейді;
Алкоголь ішіп, не мас күйде қоғамдық орындарға келу – 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартуға негіз болады.
Жаңа шара қоғамда құқық бұзушылықты азайтуға және азаматтардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Қоғамдық жұмыстардың нақты түрін жергілікті әкімдіктер белгілейді.