“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының барлық сындарлы өтініш-тілектері жедел әрі тиімді қарастырылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты маөсат. Сондықтан,мегаполис басшысы тұрғындарымен жиі жүздесіп, есептік кездесу өткізіп тұрады. Кездесу барысында жиі көтерілетін мәселенің бірі жол болатын. Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Тиісті шаралардың дер кезінде атқарылуы нәтижесінде жол құрылысына қатысты қарқынды жұмыстар жүргізілді. Мәселен, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар орнатылды. Сонымен қатар, шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстарға нақты тоқталар болсақ, Қаратау ауданы тұрғындарының өтініші толығымен орындалды. Яғни, Көшеров көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы жасалды. Сонымен қатар, қала аумағындағы Саяжол көшесіне, Көшеров көшесіне, К.Цеткин мен Қапал батыр көшелерін байланыстыратын Көлбаев көшесіне аяқ жол салынды. Бұдан бөлек, Шапағат-2 шағын ауданындағы мешітке қарай баратын атауы жоқ көше, сонымен қатар, Хан тәңірі көшесі,Парасат көшесі,Жібек жолы көшесі, Набережная көшесі,Кенесарин көшесі және Гозахан көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал қаладағы жалпы жол жөндеу жұмыстарына тоқталар болсақ, жыл соңына дейін бірқатар көшелер жөндеуден өткізілмек. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 200 ге жуық көшесінде жұмыстар толығымен аяқталған. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
10 көшеге аяқжол салу жұмыстары жүргізілді
316
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді