30
Жол-көлік оқиғасы 16 маусым күні Сәтбаавта орын алған. Желіде апат сәті түсірілген видео тарады. Онда бір көлік жүргізушісі қызды өткізіп жібермек болғаны, ал екінші көлік, қатты жылдамдықпен келіп, оны қағып кеткені көрінеді.
Соққының салдарынан, қыз қарсы бағыттағы жолаққа ұшып түсіп, оны тағы бір көлік қағып кеткен. Ауыр жарақат алған қыз оқиға орнында көз жұмды.
Полицияның мәліметінше, жол апаты жаяу жүргіншілер өткелінде болған, бірақ жолда жолақ сызбасы болмаған.
Осы оқиғаға байланысты Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды.
Көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.