14 млн теңгеге мотор майын қолды қылған күдікті ұсталды

74

Полиция ұрланған 21 тонна мотор майын иесіне қайтарды.

Шымкент полицейлері халықаралық жеткізу қызметін көрсетемін деп құны 14 млн теңгеден асатын мотор майының ірі партиясын иемденген алаяқты ұстады.

Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген. Алайда, міндетін орындамай, майды үшінші тұлғаларға төмен бағада сатып жіберген.

Әрі қарай бөшкелер қолдан қолға бірнеше рет қайта сатылып, Шымқаладағы кезекті сатып алушыға түседі.  Тәртіп сақшылары тауарды анықтап, тәркіледі деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды.

Қозғалтқыш майы заңды иесіне қайтарылды

Алдыңғы пост
Басқарма басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды
Келесі пост
Президент Шымкент қаласына келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu