163 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді

100

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 163 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

«ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі! және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды»,-деп жазылған хабарламада.

Алдыңғы пост
Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын «Жезқазған – Петропавл» тасжолы толық жаңартылады
Келесі пост
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Памела Харристі қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu