20 млн теңге: Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

38

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Бөкей орда және Тасқала аудандарының полиция бөлімдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ  баспасөз қызметі хабарлады.

«Белгілі болғандай 2024 жылғы қараша айынан 2025 жылғы маусым айына дейін күдіктілер Бөкейорда ауданы аумағында еркін жайылымда жүрген ірі қара малдарын ұрлап келген. Барлығы 49 бас ірі қара мал ұрланған. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын шамамен 20 млн теңгені құрайды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар олардың мал ұрлығы бойынша тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде»-, деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Алматыда вейптер мен хош иістендіргіш сұйықтықтарды заңсыз таратқан топтың әрекеті әшкереленді
Келесі пост
Инвестициялық жоба түріндегі алаяқтық схеманы ұйымдастырған елорда тұрғыны сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu