283
Шымкентте «Қорғау» бағдарламасысының аясында заңды белшеден басып, қарызға батқан азамат анықталды. Ол, полиция қызметкерлері қала көшелерін патрульдеу барысында көзге түскен.
Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген жүргізушіге төлемдер туралы ескерту беріліп, темір тұлпары айыптұраққа қойылды.
Айта кетейік, бұл қосымша патрульдік полицейге жақын маңда 10 минут ішінде екі рет жол ережесін бұзған немесе көлігіне жалған нөмірлер орнатқан заңбұзушыларды көрсетіп отырады. Аталмыш бағдарлама арқылы айыппұлы төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар.