114
Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады.
Жаз айының басында Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігін белгісіз біреулер өртеген. Күдікті арам ойын жүзеге асырған соң, оқиға орнынан ізін суытқан.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді деп хабарлады polisiakz.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.
Айта кетейік, келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.