319
БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыс кезінде 1998 жылы туылған азамат кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Ол азаматқа мас халдегі күдікті шабуыл жасаған.
“Жедел мәлімет бойынша, Қараөзен өзені жағасында жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланған. Ол кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында”, – деді ведомство өкілдері.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, шабуыл жасаған адам мас болған. “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.