114
ТЖМ қызметкерлері күн-түн демей, жолда қалғандарға көмек көрсетуде. Мәселен, құтқарушылар, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде “Әулиекөл-Жалдама” тас жолында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылары бар 19 көлікті, қар құрсауынан шығарып алды.
Құтқарушылар 31 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын жердегі жылыту пунктіне жоғары өту техникасымен жеткізді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Азаматтар құтқарушыларға жедел көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.