Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 2020 жылы туылған бала құлап, ауруханаға түсті.
“3 қыркүйек күні сағат 18:45-те Әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің қабатынан 2020 ж туылған ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті. Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа”,-деп жазылған мәлімдемеде.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 6 бала терезеден құлап кеткен. Оның ішінде біреуі көз жұмды.
Құрметті ата-аналар! ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады.
-Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
-Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
-Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
-Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
-Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!