426 елдімекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсармақ

276

Су ресурстары және ирригация министрлігі 1,1 млн тұрғыны бар 426 елдімекенде топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобасын бастады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде, 1,1 млн тұрғыны бар 426 елдімекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады.

Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстарын алдағы екі жылда аяқтау жоспарланып отыр.

«Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстанда – 10 топтық су құбыры, Қызылорда облысында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы және Ұлытау облыстарында – 2 жобадан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әрқайсында 1 топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Алдыңғы пост
Рыбакина Ролан Гароста WTA чемпионын тас талқан етті
Келесі пост
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu