35
2025 жылы қазақстандықтарға шамамен 437 млрд теңгеден астам бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді.
«Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 437,7 млрд теңгеге 369,1 мың адам қамтылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Ал, бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 30,6 млрд теңге сомаға 169,2 мың адам, оның ішінде маусым айында 4,3 млрд теңге сомасын 24,2 мың адам алды.