297
QazAvtoJol ұлттық компаниясының хабарламасына сәйкес, елімізде қардың тез еруі салдарынан Павлодар және Ақмола облыстарында республикалық маңызы бар жолдарды су басты.
“Биыл 5 сәуірдегі сағат 13:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыстағы (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай өңірі) 6 жол учаскесінде (жалпы ұзындығы 4040 метр) су тасқыны болды”,- делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды су шайып кеткен болатын. Қазіргі таңда, республикалық маңызы бар жолдарда, 764 техника мен 1 844 маман жұмыс істеуде.