156
Тараз қаласы мен Жуалы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады. Яғни, уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, жол ережесін сақтамаған 16-17 жас аралығындағы 124 кәмелетке толмағандарға айыппұл салған. Бұл процесс жасөспірімдердің ресми қорғаушыларынсыз жүзеге асырылған.
Прокурорлардың наразылығы бойынша соттармен ішкі істер органдарының жоғарыда аталған қаулыларының күші жойылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта өндірілген айыппұлдарды қайтару мәселесі қарастырылуда.