84
Екі спортшының командасы алғашқы кездесу барысында жанжалға жол берді. Олар, бір-біріне дауыс көтеріп, ерегісіп қала жаздады.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екі әлем чемпионы титулын қорғау үшін Андрей Михайловичқа қарсы 4 қазан күні Сидней қаласында жекпе-жек өткізеді.
Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда кездесу алдында «Қазақ стилі» салмақ қуамын деп, сәтсіздікке ұшырап, ағзаға су жетіспеушілігінен есінен танып, ауруханаға түскен болатын.
Мұнан соң, Андрей әлеуметтік желіде, Жәнібекті мазақ етіп отбасымен видео түсірген болатын.