4 қазан күні 1931 жылы Италияның Флоренциясында өткен халықаралық табиғатты қорғау кездесуі барысында бекітілген Халықаралық жануарларды қорғау күні аталып өтіледі. Бұл күн бізге жануарларды қорғаудың маңыздылығын және оларға қамқорлық жасаудың қажеттілігін ескертеді деп хабарлады қазақ орманы телеграмм желісінде.
Қазақстанда 835 түрдегі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың ішінде 178 сүтқоректілер мен 489 құс бар. Алайда, өкінішке орай, 132 омыртқалы және 96 омыртқасыз түрлердің жойылу қаупі бар.
Жабайы жануарларды қорғау мемлекеттік инспекторлар және құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылады, олар браконьерлікпен күресуге және біздің табиғатымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтауға белсенді түрде жұмыс істейді.
Осы салада еңбек ететін барлық адамдарды құттықтаймыз! Табиғатты және жануарларды қорғауға деген күш-жігерлеріңіз әлемді жақсартуға және біздің жалпы табиғи мұрамызды сақтауға көмектеседі. Еңбектеріңіз үшін рахмет !