Айт намазынан соң, тұрғындар ұлттық ойын ойнайды

50

Биыл Қасиетті Құрбан айт мерекесі бұрынғыдан өзгеше тойланбақ. Яғни, таң намазына жиналған жұрт, намаздан соң, ұлттық ойындарды ойнап көңіл көтереді. Ал, ата-аналарымен бірге келген балалар тәтті жеп, қуанышқа бөленеді деп жоспарлануда.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең ұлық мейрамдарының бірі. Биыл қасиетті күн 6 маусымға тұспа тұс келіп отыр. Ең алдымен, мұсылман бауырлар үшін жасалатын амалдардың бірі айт намазы орындалады. Мұнда жамағат елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасайды. Мұнан соң, бір-біріне жылы сөз айтып, реніште болғандар татуласады. Бұл күн ізгіліктің белгісі дейді имамдар.

Айта кетейік, құрбандыққа төрт түлік малдар шалынады. Яғни уақ малдар дейді мамандар. Олардың айтуынша,  қой, ешкі, ірі қара және сиыр, түйе сойылады.

МҰХАМЕДЖАН ЕСТЕМІРОВ,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамының орынбасары:

«Республикадағы барлық мешіттердің айналасында айт намазынан соң, ұлттық ойындарға кезек берсек деп отырмыз. Арқан тарту, қой көтеру деген секілді. Сондай -ақ, ата аналарымен келген балаларға тәтті тарату акциясын қолға алғалы отырмыз. Құрбан айтқа келген кішкентай балаларымызға, немерелерімізге көңіл күй сыйласақ деп отырмыз. Олардың есінде қалады. Балалардың санасында қалады. Жақсы бір дүние жасап отырмыз».

Ескере кетер жайт, қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, яғни, мұсылмандық міндет дейді имамдар. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс.

Алдыңғы пост
АШМ департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сот үкімімен жазаланды
Келесі пост
Қарағандыда екі жасар баланы пойыз басып сәби көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu