Ақмола облысында полиция ірі көлемдегі ұрлықты әшкереледі

35

Ақмола облысында полицейлер жалпы сомасы 39 миллион 627 мың теңгеге бағаланатын ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау дерегін әшкереледі. Қылмыс биылғы жылдың сәуір айында Егіндікөл ауданында тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері комбайндарға тиесілі бөлшектерді ұрлады деген күдікпен үш азаматты ұстады. Тергеу барысында бөлшектердің 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағынан жүйелі түрде ұрланғаны анықталды деп хабарлады ІІМ.

Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақтың қолдауымен Егіндікөл ауданында 35, 30 және 25 жастағы үш күдіктіні құрықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы ақмолалық күдікті қыс мезгілінде шананың көмегімен серіктестік аумағынан қосалқы бөлшектерді шығарып, кейіннен екі сыбайласымен бірігіп, Атбасар ауданындағы сатып алушыға өткізген. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұрланған барлық бөлшектер табылып, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің толық мән-жайы анықталуда.

Алдыңғы пост
9 жастағы жасөспірім тоққа түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu