АҚШ – тан келген есірткі контрабандасының арнасы тоқтатылды

18

Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды. “Қазпошта” АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu