127
Қайғылы оқиға, «Оңтүстік айналма жол» автожолында орын алды. Жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан үш жастағы бала мен 32 жастағы анасын қағып өткен. Салдарынан, жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Ал анасының өмірін дәрігерлер сақтап қалуға тырысып жатыр.
«Газель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жасар қыз қайтыс болып, анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Адамның өліміне әкеп соққан, және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші уақытша қамау изоляторына жабылды», – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.