21
10 тамыз күні Ақтөбедегі Ясный-2 тұрғын алабы маңындағы су қоймасына екі бала суға кетіп, ажал құшты.
5 және 3 жастағы бүлдіршіндер шомылуға тыйым салынған аумақта суға түсіп жүрген кезінде көзден таса болған.
Құтқарушылар шақырылғанымен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Олардың денелері жағалаудан үш метр тереңдіктен табылды.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.