Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді

174

Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды деп хабарлады ҚР Үкіметінің ресми телеграмм арнасы.

Бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде автомобиль жолының ең тозығы жеткен ұзындығы 11,5 км учаскесін реконструкциялауға бағытталатын болады.

Бұған дейін мердігер ұйымның қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Айта кету керек, Ақтау қаласының жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста.

Қабылданған шаралар нәтижесінде желілердің тозуы төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост
Кісі қолынан ажал құшқан Шерзаттың әпкесі билікке үндеу жасады
Келесі пост
5 жасөспірім бала қаза тапты: Анасы құрбысына кеткен, әкесі түрмеде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu