Шымкенттегі қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша ұстау орталығы жабық мекемеге айналды. Өйткені, бұл орталықта жан-жануарларға арналған жұқпалы ауруларға салынатын екпе және залалсыздандыру препараттары бар. Сондықтан, сақтық шараларына мұқият болу қажет дейді мамандар. Яғни, кез-келген адамдар емін-еркін кіріп шыға алмайды. Егер, жанашырлықпен келгендер болса, арнайы рұқсат бойынша кіреді деп отыр.
Сондай-ақ, күнделікті қала тұрығындарынан иттерді аулау бойынша 30 -дан астам өтініш келіп түседі. Ал, жалпы жыл басынан бері 16 мыңнан аса ит-мысық ауланған. Алайда, қала тұрғындарына шағымдар саны азаймай отыр.
Ақмарал Әсілқызы, қала тұрғыны:
«Қайнарбұлақ саяжайында иттер толып жүреді. Бала-шағамыз үшін қорқамыз. Күнделікті сабаққа барады. Қазір демалыс уақыты жақындап келеді. Балалар кешкі уақытта ары-бері ойнап, көп уақытын далада өткізуде. Ит аулаушыларға хабарласайын десек, нөмірінде білмейміз»,-дейді.
Ал, орталық мамандары, әрбір қала тұрғынының қоңырауына дер кезінде жауап беріп, бригадаларды тезірек жіберген тырысамыз деп отыр.
«Уақытша ұстау орталығында қаңғыбас ит-мысықтарға екі мезгіл тамағы беріледі. Суы беріледі. Астын механикалық,санитариялық тазалау жұмыстары жүргізіледі»,-дейді Ерсін Ахмет.
Қолға түскен дені сау иттер үш күннен соң, кастрация, стерилизация жасалып, тиісті вакцинасын алады. Мұнан соң, құлағына сырға, чип салынып қайта жіберіледі. Оған дейін, иттер толық бақылаудан өтеді дейді Ерлан Әбенов.
«Кастрация, стерилизацияға жіберілген иттер, оның ішінде ұрғашылары 4 күн, еркектері 7 күнді күтеді. Егер, агрессивті мінез танытпаса, құлағына сырға салынады. Базаға тіркеліп, қай аумақтан келді, сол аумаққа жіберіледі. 2023 жылы бұл шара қолға алынған болатын. Алайда, мердігер мекеме анықталмаған соң, биылға қалды. Енді маусым айынан бастап осы нәрсені қолға аламыз»,-деді қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы.
Айта кетейік, биылға 36 мың ит-мысықтарды аулау жоспарланған.