Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті.
Өткен аптада ғана, ақын Құрманай Бақтиярқызы, өзінің әлеуметтік желісінде ауруханаға түскені туралы жариялаған болатын. Тойға жиналған ақын, аяқ асты басы айналып, есінен танып қала берген. Дәрігерлер, қан қысымының төмен болғаны жайлы хабарлаған.
«Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. «Ішек «спайка» болған, тілу керек, әйтпесе болмайды» деді. Ары қарайғысын білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен «мировой» концертте жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достарым, бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен… Бұл тақырыпты осымен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде, Алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды. Ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлдем жоғалды. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған екен. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым! Мен сіздермен сондай бақыттымын», – деп жазған еді Құрманай Бақтиярқызы.
Айта кетейік, ақынға, жетінші рет ота жасалған.
Құрманай Бақтиярқызы, көпшіліктің ықыласына бөленген бірнеше әннің авторы. Атап айтсақ, Асқар Жүнісбековтың орындауындағы “Толғанай”, Серік Ибрагимовтың “Вокзалда қауышқан қыз”, “Жаяу”, “Алау” тобының орындауындағы “Гүл әпше”, Кәмшат Жолдыбаеваның “Сүйіктім”, Алтына Жорабаеваның “Ух, ах, ох, пах” әндеріне т.б. әндерге сөз жазған.
Редакция атынан, қайғыра көңіл айтамыз!