Абай облысында 42 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

33

Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

Тексеру нәтижесінде 104 жер пайдаланушының жалпы ауданы 42 мың гектар болатын жер телімдерін заң талаптарына сай пайдаланбағаны анықталды. Бұл жерлердің кадастрлық құны 516 миллион теңгені құрайды деп хабарлады баспасөз қызметі.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған жерлер мемлекетке қайтарылды. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бұл учаскелерді адал әрі тиімді пайдаланатын азаматтарға беруді қолға алды.

Жер ресурстарын тиімді игеру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

Алдыңғы пост
Абай облысында прокуратура 43 млн теңгеден астам қарыздың өтелуіне ықпал етті
Келесі пост
Жыл басынан бері 19 мыңнан астам жұмыскердің құқығы тапталған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu